Жаңалықтар

14.02.2020 "Алаш жастары" жастармен...

"Жұмысқа орналасу жолындағы қиындықтардың алдын алу" тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Студенттерге және жұмыссыз жастарға нақты қолдау көрсету кеңес беру біз үшін маңызды! 2020 жылдың 4 ақпанында "ЕЛСАНА" руханият-патриоттық қауымдастығы "АЛАШ жастары" алаңының ұйымдастыруымен, "Nur Otan" партиясы Атырау облысы филиалының бірінші төрағасының орынбасары Ожаев Нұрлыбек Жұмахметұлының қолдауымен "Жұмысқа орналасу жолындағы қиындықтардың алдын алу" тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Кездесуге мұнай газ саласындағы ірі компаниялар "NCOC","KPO", сонымен қатар "ISKER", "KazGroupPartners" компанияларының білікті мамандары қатысып, ЖОО- ның және колледж студенттермен еркін форматта әңгіме өрбітіп, жұмысқа орналасу жолындағы қателіктерді айтып, түйіндеме жасау, психологиялық көмек сияқты тақырыпты талқылап, бағыт бағдар беріп, ақыл кенестерін айтып студенттерге қолдау көрсетілді! Жастарымызға кәсіби кеңес беріп, сүбелі ой салуға қолдау көрсеткен "Nur Otan" партиясына және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің басшылығына ризашылығымызды білдіреміз!