"Елсана" телебағдарлама алаңы

29.01.2020 ж. Елсана телебағдарламасы

"Текті сөздің төресі-терме" тақырыбында жыр өнері, елдің арасында көп естілмеген "Алаңқай батыр" туралы жырдың тарихымен таныстық.
Осы істің басы-қасында жүрген, жыр сүйер жастарды осы өнерге баулып, ел алдына шығарған "Ғасырлар сыры" алаңының жетекшісі Сапанов Серік Жұбанұлының жұмысына сәттілік тілейміз. Алаңқай батыр туралы жырды жатқа оқып, мәнеріне келтіре шеберлікпен орындаған мектеп-лицейдің оқушылары Мұратов Дамирге, Жұлдызов Бекет, Сағынтаев Аңсағанға тыңдаған жұртшылық риза болды деп есептейміз. Ғасырлардың кәусар бұлағынан сусындап, ұлттық құндылықтарға кенелтер тамаша жырларды орындату, жастар арасында, ғылым мен біліммен қатар, ұмытылып бара жатырған жыршылық өнердің, батырлар жырының халық арасында кеңінен насихатталуына үлес қосып отырған IT мектеп-лицейінің директоры Имашова Шынар Балғабайқызына, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Якупова Мәншүк Мұратқызына рахметімізді айтамыз!