"Бабалар үні" ақылдастар алқасы

Тікелей эфирдегі әңгіме...

08.01.2020
Елсана бағдарламасының 2020 жылғы алғашқы қонақтары "Бабалар үні" ақылдастарының бас қосуымен басталды. "Абай әлеміне саяхат" тақырыбымен өткен пікір алмасу, ой түйіндері көпшіліктің көңілінен шыққаны жасырын емес. Абай өлеңін бала күннен мектепте жаттап өткен, жиырма бірінші ғасырға өмір өрнегін аударып жеткен ақсақалдарымыздың Абай еңбектерін өмір бойы рухани азық қылып келе жатырғанының куәсі болдық. Ендеше, қазіргі ұрпағымыз да Ұлы Абайды оқу қажет екен... Оқығаннан кейін ойлану, ойланып барып ойыңды жария ету керектігіне көз жеткіздік. "Елсана" руханият-патриоттық қауымдастығының ақылдастары, "Бабалар үні" ақылдастар алқасының жетекшісі Бақтыбек Жұбандықұлы Таубаев, Балықшы аймақтық ардагерлер алқасының төрағасы Қамза Ғабдолла, "Ғасырлар сыры" алаңының жетекшісі Серік Жұбанұлы Сапанов және Оңайбай Көшеков атындағы аграрлы-техникалық колледжінің аға оқытушысы Айғаным Құресқызы Нұғмарова қатысты. Сұхбатты бағдарлама редакторы, журналист Әмірашев Нұркен Мағриденұлы жүргізіп отырды. Абай ойын, Абай түсінігін бойға сіңірген кісіге тек қана өз жұрты емес, адам баласының бәрі бауырға айнала бастамақ, Аллаға деген шынайы сезім жүрекке енбек деген ойларымен бөлісті. Абайдың ұлылығына сенгендер қазақ халқының ұлылығына сене алады.Абай сөздерінің нәріне тамсанғандар қазақ халқының данышпандылығы мен ойлылығына, қазақ тілінің күші мен құдіретіне сене бастайды, Абай туралы тақырып әлі де жалғасын табады деген сенімдеміз.