Жаңалықтар

20.02.2020-да 20-сыншы жаңа Алаң!

«Елсана» руханият-патриоттық қауымдастығында жаңа «АЛҒЫС» алаңы алғашқы қадамын жасады. Қауымдастықтың президенті Нұрберген Әбдірешұлы мен «Қалыптастыру және ұйымдастыру» департаментінің директоры Майра Жәнекешқызы бұл жобаның басты мақсаты мен жұмыс жоспарлары туралы алғашқы пікір алмасу, сұхбаттасу, ой бөлісу мақсатында кездесу өткізді. Төрайымы Сәрсенова Нұрбибі Қонысқызы болып тағайындалды. Нұрбибі ханымның жаңа жұмысына «Ақсәуле» қолөнер шеберлері алаңының жетекшілері Қарлығаш Жақияқызы мен Айша Қабдешқызы сәтті қадам, үлкен жетістіктер тіледі. Біз де жаңа алаңның қоғамдық негіздегі қайырлы қызметіне көп болып жақында көз жеткіземіз!