Жаңалықтар

19.02.2020. Бейбіт күннің батырлары!

«Елсана» рухани-патриоттық қауымдастығы «Көкжал» батырлар алаңының патриоттық маңызға ие үлкен шарасы болып өтті. Оған облыстағы барлық Әскери бөлімдер мен Полиция басқармасынан, ТЖД құтқарушылары мен Ұлттық ұлан жасағынан, Оқу орындары мен орта мектеп өкілдері қатысты. Жас жеткіншектер мен студенттер бейбіт күннің батырларының әңгімесін тыңдап, патриоттық тәрбиені күшейту жолында пікірлесті. Біз өз тарапымыздан ҚР-ның Ұлттық ұланы «Бүркіт» арнайы жасағының «күрең берет» иегері Қадырбеков Дәурен Бақытжанұлына, кеше ғана желіде мұз шытынап, велосипедімен суға кету қауіпі туындаған адамның жанына араша болған Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінде сүңгуірші Айбеков Ринат Михаилұлына, «Барлау» оқу орталығында жастарға патриоттық тәрбие берудегі жеткен жетістіктері үшін Чунгулов Бауыржан Кенжеахметұлына, Бокс спорт түріне еңбегі сіңген шебер, ардагер Бермешев Адик Әкімжанұлына қауымдастық атынан «Алғыс хат» тапсырып, Ақмырза Батырқайыров батагөйіміз батасын берді. Айтпақшы, Адик Әкімжанұлы, бара жатқан сапарларыңыз оң болғай! Жүлде қоры көп болғай!