"Логотерапия" психологтар алаңы

07.02.2020 "Сырласу сағаты" тақырыбындағы семинары өтті.

07.02.2020 Қазақстан психологтар лигасының мүшесі Қойшиева Лимана Құттыбекқызының "Сырласу сағаты" тақырыбындағы семинары өтті.
Оған қала мектептерінің психологтары, ата-аналар комитетінің төрағалары, әкелер алқасы мен аналар алқасының төрайымдары, Атырау мемлекеттік университетінің педагогика және психология факультетінің студенттері қатысты.
Бақытқа жетудің жолдары, мақсат пен қалау туралы тақырыпта ой бөлісті.
Семинарға Астана қаласынан келген мануальды терапевт, психолог Еділ Жоламанов қатысып, жұртшылықпен жеке сұрақтар қою арқылы, отбасындағы тәрбиеде жетістікке жету жолдары т.б. тақырыптарда пікір алмасты.
Шара соңында қатысушылар, өз ризашылықтарын білдіріп, байланыс жасап тұру мақсатында жеке сұхбаттасып, өз ойларында жүрген сұрақтарына жауап алды.
Лимана Құттыбекқызына "Елсана" руханият-патриоттық қауымдастығының атынан алғыс хат тапсырылып, қауымдастық қатарына қабылданды, куәлік тапсырылды.
Қазақтың қонақжайлық дәстүрімен дастархан жайылып құрметті қонағымыз болды."Ақсәуле" қолөнер шеберлерінің алаңында жасалып жатырған бұйымдарымен танысып, қызығушылығын білдірді.
Алдағы уақытта да, Лимана Құттыбекқызымен тығыз байланыста болып, өз тәжірибелерімізбен алмасып, ұрпақ тәрбиесіндегі, отбасындағы келелі мәселерді шешу жолдары туралы мәселелерде үнемі пікірлесіп отырамыз.