Жаңалықтар

05.03.2020. Көктемнің алғашқы шарасы

05.03.2020. Бүгін Қауымдастықтың азаматтары қыз, келіншектер мен аналарымызға арнап тамаша шара өткізді. Шара барысында гүл ұсынылып, шағын сыйлықтар мен қауымдастыққа қарасты ханымдарға Алғыс хат тапсырылды. Сонымен қатар қоғамға белгілі – Дина Есімқызы, Жамиға Төресайқызы, Дәмен Биханқызы аналарымызды төрге шығарып, сұхбат түріндегі әңгіме айтылып, Алғыс хаттар мен сый-құрмет көрсетілді. Өз ауыздарымен өмір жолдарына аз кем тоқталдық. Түскі шайға дейін созылған шараны дастарханда жалғастырған қонақтардың көңілін Д.Нұрпейісова атындағы өнер академиясының студенттері домбырамен ән-жырларын төкпелетіп, бір желпінтіп тастады. Қауымдастық атынан «Қалыптастыру және ұйымдастыру» департаменті басшысы Майра Жәнекешқызына, «Инабат» аналар алаңы, «Аманат» әкелер алаңы басшылары мен мүшелеріне ризашылық шексіз. Бірлесе көтерген жүгіміз жемісін бергей! Игілікті ісіміз Алла қаласа жалғасын таба бермек.