"Инабат" аналар алаңы

15.01.2020 Аналар басқосуы





15.01.2020
"Инабат" аналар алқасының 2020 жылғы алғашқы бас қосуы, сұхбаты, пікір алмасуы, алдағы жоспарлары туралы ой бөлісуі дөңгелек үстел басында өтті. Қатарымызға ұлын ұяға, қызын қияға қондырған аналармен қатар, бала тәрбиесінен әлі де ажырамай ұстаздықтың қыры мен сырын меңгерген аналарымыз, он саусағынан өнері тамған қолөнер шеберлері қосылды. Әр ұрпақтың өмірі мен өнегесі, өзін өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады емес пе? Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Елсана аналары да өз баласымен қатар, өсіп келе жатырған жас өскіндерге барынша құрмет тұтып, қастерлеу, ұлттық құндылыққа бай жастарды тәрбиелеуді борыш деп санайды. Өмірден көргені мен түйгені көп аналардың айтары да, көрсетер өнегелері де көп деп есептейміз.