Жаңалықтар

28.02.2020. "Әлібек" ақындар алаңы Исатайда

28.02.2020. Бүгін "Әлібек" ақындар алаңының "Поэтикалық дуэль" авторлық жобасымен кезекті Исатай ауданында үлкен шара өткізіп қайттық. Қауымдастықтың қомақты ісіне қолғабыс еткен аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Арманбек Амантайұлына, бас мамандары Венера, Мөлдір қаракөздерімізге алғыс білдіреміз. Орталық кітапхана залында өткен шара өз мақсатын толық қамтыды. Жүлделі орындарға ие болып, марапатталған жас жеткіншектерді облыс орталығында кең көлемде өтетін "Поэтикалық дуэльден" көретін боласыздар. Алда Мақат, Құрманғазы аудандары күтіп тұр.