Жаңалықтар

15.02.2020. "Алтын Адам"

"Алтын адам" марапатын табыстау!
"Елсана" руханият-патриоттық қауымдастығы, тарихшылар алаңының "Алтын адам" номинациясын тапсыру үшін ортаға "Алтын адам" алаңының төрағасы Аманғали Әміржанұлын және батагөй ақсақаламыз Ақмырза Батырхайырұлын шақырылды.
Ақылдастар алқасының мүшесі Абат Кенжеғалиев өз атынан құттықтау тілегін айтып, Күлима анаға және Нұрберген Әбдірешұлына қазақтың "көрімдік беру" дәстүрімен сыйын ұсынды.
Елсана мүшелері арасынан қажылық парызын өтеп келген жандардың атынан "Аманат" әкелер алқасының төрағасы Мәлік Мақсотұлы құттықтау тілегін білдірді. Нұрберген Әбдірешұлы, Самиға ханым және өзінің атынан Меккеден алып келген дәм ұсынды. Ол дәмді "Айқаракөз" қыздар клубының жетекшісі Жақсыбай Дана Есетқызы үлестіріп шықты.
Осы шараға қатысқан барлық Елсана мүшелеріне рахметімізді айтамыз!
Әбдіреш ата мен Күлима анадан тараған 8 баланың төртеуі дүниеден өтсе, қалған төртеуі, жапырақтары жайылып мәуелі бәйтеректің, Анасының жанына жиналды.Аналарына құрмет көрсете келген барлық шараға қатысушыларға өз ықыластарымен "анасының жасын бүгінгі құрметін көруге нәсіп етсін" деген тілекпен сый-сияпаттарын таратты. Ұлдары Амангелді-Жұпар, Тілеген-Зоя, Нұрберген-Самиға және күйеу баласы мен қызы Жексембай-Зоядан тараған немерелер-шөберелер, жиендер бас қосты. Немересі Айнагүл өз қолымен, қолөнер шеберлері алаңында дайындаған, киізден жасаған төсенішін әжесіне сыйға тартты.