"Әлібек" Ақындар алаңы

Махамбетте Ақындар дуэлі

Атырау қалалық «Елсана» Руханият клубының қолдауымен, Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Махамбет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 6 желтоқсан күні Аудандық балалар кітапханасында «Поэтикалық дуэль» атты ауданаралық жазба ақындар арасында сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Жыр алыбына ендеп бойлап келе жатқан жас ақындарды жарыстыру емес, керісінше, кезектесе өлең оқыту арқылы өскелең ақындардың шеберліктерін шыңдап, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
Облысымызда шығармашылықпен айналысып, халыққа көп таныла қоймаған ауданның, ауылдың жас ақындарының басын қосып, жақсы жырларын оқырмандармен бөлісу, олардың талантын ұштау. Озып шығып жетістікке жеткен ақындардарымызды ұлығылау, олардың шығармаларын жинаққа біріктіріп, кітап шығару. Ақындардың шығармашылығын шыңдау, оларды насихаттау болып табылады.
Сайысқа қатысушылар:
1. Ақтоғай ауылдық округінен - Елжанқызы Бекторы – Ақтоғай орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
2. Ақжайық ауылдық округінен–Қанатов Ануарбек Қанатұлы – «Қызылүй» орта мектебінің мұғалімі.
3. Алға ауылдық округі – Баймұқанов Ерлан – «Алға» орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
4. Бақсай ауылдық округі–Үмбет Дильназ Мерекеқызы –Қаршыға Ахмедияров атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы.
5. Бейбарыс ауылдық округінен – Айжан Құбайденова – «Жас даурен» ауылдық мәдениет үйі жанындағы онер мектебінің мұғалімі.
6. Сарайшық ауылдық округінен – Арайлым Парух – Халел Досұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің
2 - курс студенті.
7. Махамбет ауылдық округінен – Ақерке Қуаныш – Е.Агелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 11 қазақ «А» сыныбының оқушысы.
8. Есбол ауылдық округі, Ортақшыл ауылынан – Ардаққызы Жайнар- «Атырау Каспий Өңірлік колледжінің» 2-курс студенті.
9. Алмалы ауылдық округінен – Сауле Зейнетоллақызы –Алмалы орта мектебінің 8 сынып оқушысы.
Сайысқа төрелік еткен әділ қазылар алқасы:
1. Абулхайыров Мәлік Мақсотұлы, Әкелер алқасының жетекшісі.
2. Тарас Наурызәлі, Журналистер Одағының мүшесі, ақын.
3. Мұхамбетқалиева Маншүк Тастемірқызы, тіл маманы, филолог.
4. Кемалиева Айнагүл Қылышқызы, Ақын, «Әлібек» ақындар алаңының жетекшісі.
«Поэтикалық дуэль» сайысы бес кезеңнен тұрды.
1/ Бірінші айналым - Еркін тақырып пен лирика.
2/ Екінші айналым – Рухты тақырып-қоғамдық тақырып.
3/ Үшінші айналым – Еркін тақырып
4/ Төртінші айналым – Тапсырмаға байланысты шығарылған 1 өлең.
5/ Бесінші айналым – Еркін тақырып бір өлеңін оқды.
Сайыскерлер таңдаған асықтары бойынша ретімен өнерлерін ортаға салды. Әр кезең сайын мықтылар анықталып, 2 қатысушыдан қоштасып отырды. Шараға кітапхана оқырмандары қатысып, ауданымыздың ардагер ақыны Әміржан Молдашев ағай жас қатысушыларға жүрек жарды өлеңін арнап, ақ батасын берді. Мәре соңына жүзден жүйрік болып, оза шапқан қатысушыларымыз:
Бас жүлде: Ардаққызы Жайнар - Ортақшыл ауылы.
1-орын Үмбет Дильназ Мерекеқызы-Бақсай ауылы.
2-орын Айжан Құбайденова-Бейбарыс ауылы
3-орын Баймұқанов Ерлан-Алға ауылы
Алғыс хаттармен:
Шыншыл ақын номинациясы бойынша- Парух Айдана. Сарайшық ауылы.
Рухты ақын номинациясы бойынша – Зинетоллақызы Сәуле. Алмалы ауылы.
Қайратты ақын номинациясы бойынша – Қанатов Ануарбек. Ақжайық ауылы.
Жас ақын номинациясы бойынша –Елжанова Бекторы. Ақтоғай ауылы.
Сыршыл ақын номинациясы бойынша-Қуаныш Ақерке. Махамбет ауылы.
Барлық қатысушылар "Елсана" патриоттық-руханият клубының Дипломдарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Әділқазы мүшесі, тіл маманы М.Тастемірқызы шараны өз деңгейінде ұйымдастырған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Қырықбайқызын, аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Ш.Орынбайқызын «Алғыс хатпен» марапаттады