"Бабалар үні" ақылдастар алқасы

11.02.2020. "Абай мұрасы-халық ұлағаты"

11.02.2020 "Бабалар үні" ақылдастар алқасының "Абай мұрасы-халық ұлағаты" бағытының алғашқы шарасы өтті. Дөңгелек үстелге ақылдастарымыз Таубаев Бақтыбек Жұбандықұлы "Абай-дара қазақта", Қамза Ғабдолла "Абай және адамгершілік мәселесі", Сапанов Серік Жұбандықұлы "Абайдың қарасөздеріндегі әлеуметтік ойлар" тақырыптарында ой өрбітті. Оңайбай Көшеков атындағы агротехникалық колледж оқытушысы, ақылдастар алаңының "Абай мұрасы" бағытының жетекшісі Нуғмарова Айғаным Құресқызы шараны өзі ұйымдастырып, жүргізіп отырды. Шараға колледждің студенттері қатысып, алдымыздағы абыз ақсақалдармен жүздесіп, Абай ақынымыз терең ойға толы өлеңдері мен қара сөздерін тереңірек ұғынды деген ойдамыз. Олардың арасынан да өз ойларымен бөліскен, шараға қызығушылықпен ат салысып отырған жастарымызға ризашылығымызды білдіреміз.
"Саналы ұрпақ" алаңы тете-төрайымы Уразғалиева Мейрамгүл Тыныштыққызы да, қатысушыларға, оқушыларға өз тілегін білдіріп "Махаббатсыз дүние бос" өлеңін оқып, қазіргі жас жігіттерге ой саларлық оймен түйіндеді. Айғаным ханымның жеке орындауындағы тамаша ән көптің көңілінен шықты."Шара соңында Хамза ақсақал қатысушыларға арнап бата берді.
Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған кездесулер, түрлі бағыттағы шаралар айына екі рет, жыл бойына өткізіліп тұратындығын хабарлаймыз.