"Инабат" аналар алаңы

Саудасы – ар мен иманы, Қайрат жоқ бойын тыйғалы. Еңбекпен етті ауыртпай, Құр тілменен жиғаны. (Абай Құнанбаев)
Күнсұлу Мұхтарқызы Сұлтанова
Жұмысшы тобының төрайымы
1956 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1963-1973 жылдары Атырау қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген. 1974-1978 жылдары Қарағанды қаласындағы Бүкілодақтық коперативтік институтының экономика факультетіне күндізгі бөліміне түсіп, 1978 жылы бітіріп экономист мамандығын алған. Еңбек жолын 1978 жылы облыстық тұтынушылар одағында жоспарлау бөлімінің экономисі болып бастап, сол салада 1984 жылға дейін жоспарлау бөлімінің басшысы болып еңбек еткен. 1984 жылдан 1998 жылға дейін облыстық сауда басқармасына қарасты қалалық азық-түлік сауда мекемесінде бас тауартанушы, директор орынбасары, №3 сауда бірлестігінде директор болып қызмет атқарған. 1997-2000 жылдары қалалық әкімшіліктің тұрмыс өтем ақы орталығында директоры болып жасаған. 2000-2006 жылдары «Алматыинжстрой» өкілдігіне қарасты «Атырауинжстрой» ЖШС-де директор болып және «Алматыинжстрой» өкілдігінің директорының орынбасары болып жұмыс жасаған. 2006 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін халықаралық «Бота» қоғамдық қорында істеген. Қазір зейнеткер болса да «Атырау-Автоәлемі» ЖШС-де әкімші болып еңбек етуде.
Балықшы аудандық халық кеңесінің бір шақырылымының депутаты болған.

Өткізілген шаралар
Алаң мүшелері
СІЗДІҢ ЖАРНАМАҢЫЗ!

2020 жылдың жұмыс жоспары

Жыл бойына
Қаңтар
Қаңтар
Аналар алқасының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, алқа мүшелері арасында функционалдық міндеттерді бөлу;
Жауапты - Алаң төрайымы
Наурыз
Наурыз
«Әрқашан ізгілікті арқау еткен қазақтың аналарын мақтан етем» Дөңгелек үстел;
Жауаптылар - Сұлтанова, Кожракова, Алтаева
Мамыр
Мамыр
"Отбасы - алтын­ діңгегім!" Отбасылық дәстүрлерді қалыптастыру, Жас отбасылармен сұхбат;
Жауаптылар - Сұлтанова, Төремұратова, Сүйесінова
Шілде
Шілде
"Халық педагогикасы - қазына!" Пікірталас, сұхбат;
Жауаптылар - Алтаева, Төремұратова, Ибрагимова
Қыркүйек
Қыркүйек
"Қыз - ұлттың ұяты, халықтың шырайы" Әңгіме, сұхбат;
Жауаптылар - Алаң мүшелері
Қараша
Қараша
"Ата салтың – халықтық қалпың" Көріністер;
Жауаптылар - Алаң мүшелері
Байланыс
Байланыс телефон:
7 (701) 302 70 59
7 (777) 999 77 71
info@el-sana.kz

Мекен-жайымыз:
Атырау қаласы, Баймұханов көшесі 21А