"Елсана" телебағдарлама алаңы

Саудасы – ар мен иманы, Қайрат жоқ бойын тыйғалы. Еңбекпен етті ауыртпай, Құр тілменен жиғаны. (Абай Құнанбаев)
Майра Жәнекешқызы Қожырақова
Алаң төрайымы
Майра Жәнекешқызы Қожырақова – білім саласының ардагері. Жоғары санатты тарихшы. 1958 жылы 9 мамырда Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет селосында дүниеге келген. 1975 жылы Таңдай орта мектебін бітіріп, 1980 жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих және қоғам тану мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Мамандығына сәйкес Исатай, Жылыой, Қызылқоға аудандарында, 2005 жылы Атырау қаласы Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінде, 2013-2018 жылдары №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Қазіргі күні «Елсана» рухани-патриоттық қауымдастығында жауапты қызметтер атқарады. Жанұялы. Ұл-қыздары мен немере-жиендерінің ортасында аяулы ана, ақылшы әже.
Өткізілген шаралар

2020 жылдың жұмыс жоспары

Жыл бойына облыстық телеарна эфирінде
Қаңтар, ақпан, наурыз айларында
Қаңтар, ақпан, наурыз айларында
Абай әлеміне саяхат;
Қазақ отбасындағы әкенің орны;
Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі;
Текті сөздің төресі - терме;
Ақынын ардақтаған ел бақытты;
Ел - ерімен еңселі;
Ер жігіттің үш намысы;
Қазақ қолөнері - өнер ағымымен бірге;
Аяулы АНАШЫМ;
Қаламгер - руханият шырақшысы;
Ұлттық ойындар-ұлтымыздың құнды мұрасы;
Ұлттық тәрбиенің алтын қазығы - салт-дәстүр.
Жауапты - Алаң төрайымы
Байланыс
Байланыс телефон:
7 (701) 302 70 59
7 (777) 999 77 71
info@el-sana.kz

Мекен-жайымыз:
Атырау қаласы, Баймұханов көшесі 21А