"Дәстүр" көріністер алаңы

Қазақтың салт-дәстүрін, тілін, дінін, мәдени мұра құндылықтарын халық арасында насихаттау бағытында сапалы шаралар ұйымдастыру
Жұмасұлу Зинуллақызы Сүлейменова
Жұмысшы тобының төрайымы
1970 жылы 25 қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген. Алғаш мектеп табалдырығын 1977 жылы Талғайран орта мектебінен аттап, 1987 жылы Н.К.Крупская атындағы орта мектебін ойдағыдай тәмамдаған. 1990-1995 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы университеттің музыка факультетіне түсіп, «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірген. Алғаш еңбек өтілін 1994 жылы қалалық №22 орта мектебінде музыка пәні мұғалімі болып бастап, 1994-2010 жылдар аралығында саз пәні мұғалімі қызметінде, 2012-2014 жылдар аралығында Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылының мәдениет үйінде, 2014-2018 жылдары аралығында осы Бейбарыс округіне қарасты Талдыкөл ауылының «Редут» клубында көркемдік жетекшілік қызметін атқарған. Жанұялы. Өз авторлық шығармашылық әндерін облыс көлемінде сахналап жүр. 2013 жылы Чкалов атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен «Өмірім және өнерім!» атты шығармашылық кеші өткен. Бірнеше әндері шәкірттерінің орындауында ауыл, аудан сахналарында орындалып жүр. Бірнеше мәрте «Ақ көгершін», «Бейбітшілік әлемі» фестивальдеріне шәкірттер тәрбиелеп шығарып, халықаралық «Бейбітшілік әлемі» қазақ шығармашылық бірлестігі президенті А.А.Нұрмановтың қолынан «Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі» орденімен марапатталған. Жылда дәстүрлі өткізілетін Оралхан Бөкей оқуларының облыстық байқауына екі мәрте шәкірт тәрбиелеп шығарған. Атырау қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Туған жерге тағзым!» атты сазгерлер сайысына өз шығармашылығымен қатысып, «Эстрадалық ән» номинациясын иеленген. Аудан әкімдері С.Арыстановтың, Ә.И.Нәутиевтің Алғыс хаттары т.б. бірнеше мадақтармен марапатталған. 2017 жылы Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығының арнайы сертификатына ие болған.
Өткізілген шаралар
Мақала, Жаңалықтар
Алаң мүшелері

2020 жылдың жұмыс жоспары

Жыл бойына
Қаңтар
Қаңтар
«Елім аман болсын!» сахналық қойылым;
Жауапты - Алаң жетекшісі
Ақпан
Ақпан
«Ана жүрегі – мейірімділік ошағы» Әдеби-сахналық қойылым;
Жауапты - Алаң жетекшісі
Наурыз
Наурыз
Ұлы наурыз мерекесіне орай «Дүбірлет төрін қазақтың, Әз Наурызым!»-атты сахналық қойылым;
Жауапты - Алаң жетекшісі
Сәуір
Сәуір
«Тағылымы мол қазағымның сал-дәстүрі!» танымдық кеш;
Жауапты - Алаң жетекшісі
Мамыр
Мамыр
Ұлы жеңістің 75 жылдығы мерекесіне орай «Ұрпаққа аманат Ұлы Жеңіс!» Сахналық қойылым;
Жауапты - Алаң жетекшісі
Маусым
Маусым
«Бабалар арманы» Сахналық, Әдеби-монтажды қойылым;
Жауапты - Алаң жетекшісі
Шілде
Шілде
«Сыбызғы сыры» Сахналық қойылым;
Жауапты - Алаң жетекшісі
Тамыз
Тамыз
«Қонақ - атаңнан да үлкен» Сахналық қойылым;
Жауапты - Алаң жетекшісі
Қыркүйек
Қыркүйек
«Төрт түлігі елімнің, ел байлығы жерімнің» Сахналық қойылым;
Жауапты - Алаң жетекшісі
Қазан
Қазан
«Соңғы көш» Тарихи сахналық қойылым;
Жауапты - Алаң жетекшісі
Қараша
Қараша
«Тергеу мен тексерулер» Тарихи сахналық қойылым;
Жауапты - Алаң жетекшісі
Желтоқсан
Желтоқсан
«Тәуелсіздік белесі-ұлы арман кемесі» Тарихи сахналық қойылым;
Жауапты - Алаң жетекшісі
Байланыс
Байланыс телефон:
7 (701) 302 70 59
7 (777) 999 77 71
info@el-sana.kz

Мекен-жайымыз:
Атырау қаласы, Баймұханов көшесі 21А