"Бабалар үні" ақылдастар алаңы

Саудасы – ар мен иманы, Қайрат жоқ бойын тыйғалы. Еңбекпен етті ауыртпай, Құр тілменен жиғаны. (Абай Құнанбаев)
Таубаев Бақтыбек Жұбандықұлы
Алаң төрағасы
Атырау облысының Құрметті азаматы. Қоғам қайраткері, ғалым-ұстаз. Экономика ғылымдарының кандидаты (1992 ж), Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор (2010 ж.). Қазақ Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының толық мүшесі (академик). Санк-Петербург қаласындағы Психологиялық ғылымдардың халықаралық академиясының корреспондент мүшесі. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері (2012 ж.), ҚР ауыл шаруашылығы саласының үздігі (2015 ж.), Индер, Махамбет, Жылыой аудандарының "Құрметті азаматы". 1942 жылы 20 ақпанда Жылыой ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын топырақтану - агрохимия мамандығы бойынша (1964 ж.), Республикалық жоғары партия мектебін (1974 ж.), Мәскеу қаласындағы ауыл шаруашылығы мамандарының білімін жетілдірудің институтын (1984 ж.), Қазақ ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1985 ж.) бітірген. Партия, Кеңес, шаруашылық саласында жауапты қызметтер атқарған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің профессоры. КСРО-ның "Құрмет белгісі" (1976 ж.) орденімен, Елбасының Алғыс хаттарымен (2011, 2015, 2016 жжж.), Қалмақ Республикасы Халық Хуралының (Парламенті) Құрмет дипломымен (2012 ж.), "Қазақстан Мәслихатына – 25 жыл" медалімен (2019 ж) марапатталған. Отбасылы. Ұл-қыздары мен немере-жиендерінің ортасында асыл әке, аяулы ата.
Өткізілген, Өткізілетін шаралар
Алаңға жұмысына жауаптылар мен мүшелері

Жылдық жұмыс жоспары

2020 жыл
І-тоқсан, ақпан айында
І-тоқсан, ақпан айында
«Абай – 175 жыл» - Практикалық танымдық конференция;
Жауапты – Алаң төрағасы
ІІ-тоқсан, сәуір айында
ІІ-тоқсан, сәуір айында
«Әл-Фараби – 1500 жыл» - Практикалық танымдық конференция;
Жауапты – Алаң төрағасы
ІІІ-тоқсан, қыркүйек айында
ІІІ-тоқсан, қыркүйек айында
1. «Даналық – зерделеуден» Дөңгелек үстел;
Жауапты – алаң хатшысы
ІҮ-тоқсан, қараша айында
ІҮ-тоқсан, қараша айында
1. «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түпқазығы» Дөңгелек үстел;
Жауапты – алаң хатшысы
ІҮ-тоқсан, желтоқсан айында
ІҮ-тоқсан, желтоқсан айында
«Ұлт тарихы! Қазақ тектілігін сақтаудың бірден-бір жолы» Дәріс.


Жауапты – Алаң төрағасы
СІЗДІҢ ЖАРНАМАҢЫЗ!
Байланыс
Байланыс телефон:
7 (701) 302 70 59
7 (777) 999 77 71
info@el-sana.kz

Мекен-жайымыз:
Атырау қаласы, Баймұханов көшесі 21А